Sign In

Агентство

Eventie ұсынатын пакеттер

Мерекелік шараны үйлестіру

Дайындықтың басым бөлігін жасап қойған, бірақ мереке күні бар нәрсенің тыныш, нақты және мінсіз іске асқанын қалайтын клиенттер үшін.

Қызмет құрамына не кіреді:
  • Eventie-ден жеке координатор
  • Жобаның соңғы кезеңінде іске қосылу
  • Мерекелік шараның сол кездегі дайындығын талдау
  • Мереке күніндегі тайминг пен логиканы тексеру
  • Мерекелік шараға дейін барлық мердігерлермен байланыста болу
  • Мереке күні барлық процесті үйлестіру
  • Монтаж, бағдарлама және демонтажды бақылау
  • Барлық ұйымдастырушылық мәселені жедел шешу
Маңызды:

Біз концепцияға және мердігерлерді таңдауға араласпаймыз,
мерекелік шара күні барлық процесті басқаруды және жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз.

👉 Бұл қызмет сізге дәл келеді, егер сіз:

  • өткізетін орынды таңдап қойсаңыз
  • мердігерлерді бекітіп қойсаңыз
  • сол күнді уайымдамай, жай ғана рахаттанып өткізгіңіз келсе

Бастан-аяқ толық ұйымдастыру

Мерекелік шараны идеядан бастап іске асырғанға дейін түгел сүйемелдеу.

Бұл мынадай кісілерге дәл келеді, егер:
• дайындықты кәсіби мамандарға сеніп тапсырғысы келсе
• ұсақ-түйекке дейін өзі ойластырғысы келмесе
• толыққанды әрі жан-жақты ойластырылған, күшті нәтижеге қол жеткізгісі келсе

Қызмет құрамына не кіреді:
  • Жобаның жеке менеджері
  • Алғашқы кеңес және жеке ұсыныс (презентация)
  • Смета жасау, бюджет құру
  • Өтетін орынды таңдау немесе талдау + инспекция (нөлден бастап таңдағанда)
  • Концепция мен декорды ойластыру
  • Барлық мердігерлерді іріктеу және үйлестіру
  • Смета мен келісімшарттарды жүргізу
  • Іс-шара таймингін әзірлеу
  • Командамен және өтетін орынмен толық коммуникация жасау
  • Іс-шара күні толық үйлестіру (пакетке кіреді)
Маңызды:

Біз жобаның жауапкершілігін толық өз мойнымызға алып, дайындықтың әр кезеңінде сізді жетектеп, сүйемелдеп жүреміз.

👉 Бұл қызмет сізге дәл келеді, егер сіз:

  • ретсіздікті жақтырмайтын жан болсаңыз
  • уақытыңызды бағаласаңыз
  • тыныштықты, эстетиканы және жүйелі тәсілді таңдасаңыз

Негізгі айырмашылығы

Мерекелік шараны үйлестіру

• Соңғы кезеңде іске қосыламыз
• Қолда бар дайындықпен жұмыс істейміз
• Іс-шара күнін толық бақылаймыз және басқарамыз

Толық ұйымдастыру

• Жобаны нөлден бастап жүргіземіз
• Идеядан бастап жүзеге асыруға дейін бәрін ойластырамыз
• Процестің жауапкершілігін толық өз мойнымызға аламыз

Қалай таңдауға болады?

Іс-шараны үйлестіруді таңдаңыз, егер:

✔ Өтетін орны мен мердігерлер бекітілген болса
✔ Іс-шара күні кәсіби маманның көмегі қажет болса

Толық ұйымдастыруды таңдаңыз, егер:

✔ Барлығын сіздің орныңызға маманның ойластырып бергенін қаласаңыз
✔ Стиль, тұтастық және нәтиже маңызды болса
✔ Процесті басқармай, одан ләззат алғыңыз келсе

Eventie-дің миссиясы

Адамдарды мәні бар іс-шара жасауға шабыттандыру, өмірді ұмытылмас эмоциямен жарқын ету.

Eventie – адам, бизнес және қоғамға маңызы бар мерекелік шара жасауға арналған, толық циклды қамтитын экожүйе.Eventie — экосистема полного цикла для создания событий, которые имеют значение для людей, бизнеса и общества.

Eventie-дің құндылықтары

Адалдық пен ашықтық

Біз сенімге сүйеніп жұмыс істейміз, процес, қабылданатын шешім және нәтиже туралы бәрін ашық әрі анық айтамыз.

Мән-маңызы

Біз әрбір іс-шараға жай ғана формат немесе ауқым деп қарамаймыз, біз маңызды үлес қосуға ұмтыламыз.

Серіктестік

Біз клиенттермен, мамандармен және командамызбен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас құрамыз.

Даму

Біз үнемі өсіп, сарапшылық қабілетімізді нығайтып және мереке өткізу мәдениетін дамытып отырамыз.

Адалдық пен ашықтық

Біз сенімге сүйеніп жұмыс істейміз, процес, қабылданатын шешім және нәтиже туралы бәрін ашық әрі анық айтамыз.

Адамдарға қамқор болу

Біз әр жобаның артында тұрған адамды, оның құндылықтары мен тілек-қалауын тани білеміз.